Хабар телеарнасы

Петропавлда 359 көпбалалы отбасы баспанаға зәру

Өңірде осындай 359 отбасы бар. Сондай-ақ оларға кәсіп ашуға 505 мың теңгеден қайтарымсыз қаржы беріледі. Бұл туралы Петропавлда Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен жиында айтылды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған топ тұрғындарға Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын түсіндіріп, оған қалай қатысу керектігін айтып берді. Елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 2,3 трлн теңге бөлінген. Ол халықтың аз қамтылған топтарын қолдауға, тұрғын үймен қамтуға, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсартуға және аймақтардың кешенді дамуына жұмсалады.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Әрбір облыста халықпен кездесу болып жатыр. Сонымен қатар қабылдаулар, әртүрлі тематикада кездесулер болды. Сондай-ақ осы бағыттағы істеліп жатқан жұмыстар бойынша әлеуметтік объектілер мен құрылыс алаңдарына бардық.