Хабар телеарнасы

Атырауда оқытушылар мен студенттер Президент сайлауы туралы ой бөлісті

«Президенттік басқару жүйесінің теориясы мен практикасы және Қазақстандағы Президенттік сайлау» деген тақырыпта өткен конференцияда еліміздің тәуелсіздік алған жылдары жүріп өткен жолы, президенттік институттың қалыптасуы мен қоғамды демократияландырудың қазақстандық моделін талқылады. Сондай-ақ парламентаризмнің қалыптасуы мен елдегі саяси партиялардың қоғамдағы орны туралы айтылды.

Сайфолла Сапанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Зиялы қауым өкілдері біздің қоғамдағы президенттік институттың қаншалықты маңызды екенін және қоғамдағы Президенттік сайлаудың қоғамды демократияландырудағы әсерін баса айтты. Сайлауды Қазақстанның тұрақтылығы үшін және жалпы дамуындағы елеулі бір оқиға ретінде қарастырып отырмыз.