Хабар телеарнасы

Елбасы Nur Otan партиясы өкілдерімен кеңес өткізді

Ал сайлаудың өзін толығымен ел заңнамасына сәйкес және барлық демократиялық талаптарды сақтай отырып өткізу қажет. Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен болған кеңес кезінде осылай деді. Сонымен қатар Nur Otan партиясының съезін өткізіп, ел Президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек деді.

Бұл жиынға партия орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері түгел жиналды. Әсіресе, соңғы саяси оқиғалар тұсында Nur Otan партиясына артылар салмақ тіпті ауырлай түсті. Алдағы жұмыс ауқымды, стратегиялық мақсат-міндеттер айқын. Елбасы ең әуелі осыны атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Біз жақында Nur Otan партиясының съезін өткізіп, оның 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Партияның жаңа мақсат-міндеттері айқындалды. Елімізде болған оқиғалар барша жұртқа белгілі. Мен партияның, Қауіпсіздік кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып қала беремін.

Елдегі ең ірі саяси ұйым ақпанның аяғында 20 жылдығын атап өтті. Сол жиында партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасы қабылданды. Айта кетейін, бұл құжат 2030 жылға дейінгі мерзімді қамтиды.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңды құқығын пайдаланып, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл сайлау биліктің заңдылығын одан әрі нығайтып, елімізде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Біз көп іргелі реформаларды атқардық, Қазақстанды осы дәрежеге алып келдік. Соның барлығында Nur Otan партиясы жаңашылдық танытып, тәуелсіздігіміздің бас партиясына айналды. Осы 30 жылдың ішінде өзіміздің бірге өткізген басымдылығымыз бар.

Азаматтардың жағдайын жақсартып, Қазақстанды әлеуметтік тұрғыдан дамыту – Nur Otan партиясының әуелден көздегіні. Әлеуметтік қай бастама болмасын, партия үнемі сол жобалардың басы-қасында жүреді. Биылғы бастамалардың да мұраты бір – отбасының бақуатын арттыру арқылы бақуатты Қазақстан құру.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Ең біріншіден, еліміздегі тыныштық, екіншіден, экономиканың дамуы, оның ішінде өзінің бірнеше саласы бар, шикізаттың бағынуынан кету, басқа экономика жасау. Үшіншіден, әлеуметтік жағдайлар жасау, оның ішінде жастарға білім беру және т.б. Халықтың тұрмысын жақсартуға бірталай жұмыс істеп келе жатырмыз, оның ішінде ең бір негізгісі – жастарға көңіл бөліп, Қазақстанның жастарын оқудан өткізу. Алдағы уақытта осы бағыттарды жалғастыра беретін боламыз.

Қоғамдағы тұрақтылық, береке-бірлік пен келісім – Қазақстан дамуының темірқазығы. Сонымен қатар азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау – негізгі басымдық. Ал реформалар, прогресс пен азаматтық қоғам – партияның біріктіруші берік негізі.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Партияға зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Бұл – таңдап алған саяси бағдарымыздың сабақтастығын және өзім белгілеген барлық стратегиялық міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету. Енді бізге партияның съезін өткізіп, ел Президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек.

Яғни алдағы сайлаудан Nur Otan тыс қалмайды. Жиын кезінде Нұрсұлтан Назарбаев партия науқанға белсенді түрде қатысу керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Сегодня нам придется мобилизовать все свои силы на то, чтобы провести политическую кампанию, которая нам предстоит. Вчера Касым-Жомарт Токаев подписал Указ о проведении досрочных выборов Президента Казахстана. Он воспользовался законным правом. Досрочные выборы необходимы для дальнейшего укрепления легитимности власти и обеспечения стабильности в стране. Главная задача – обеспечение спокойного транзита власти. Это наша казахстанская новация, я уверен, что народ меня понимает и знает, как работал и что делал. В дальнейшем все сделаю, чтобы в стране было спокойно, развивалась, жизнь улучшалась.

Бұдан бөлек Елбасы тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын көптеп ашу маңызды екенін айтты. Ал әлеуметтік масылдыққа жол берілмейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Важно обеспечить преемственность моего курса, на укрепление нашей независимости, модернизации общества, и все это вкупе направлено на то, чтобы обеспечить благосостояние наших граждан.

Сайлау толығымен Қазақстан заңнамаларына сәйкес, барлық демократиялық қағидаларды сақтай отырып өтетін болады. Нұрсұлтан Назарбаев назар аударған тағы бір мәселе, партия аппараты съезді өткізуге қажетті жұмыстарды тезірек қолға алуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Партия должна и будет принимать самое активное участие в предстоящей избирательной кампании. Нам нужно провести съезд партии, на котором следует выдвинуть кандидатуру в Президенты от нашей партии, мы это сделаем. Соответствующие постановления о созыве внеочередного ХІХ съезда партии я сегодня подпишу. Аппарат партии должен оперативно провести всю необходимую работу по подготовке съезда. После выдвижения нужно организовать работу Общественного избирательного штаба кандидата от нашей партии. Этой работой займется мой первый заместитель Маулен Ашимбаев.

«Партия Елбасының стратегиялық саясатын жалғастырады әрі жүктелген міндеттерді орындау мақсатында барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырады», – деді Мәулен Әшімбаев. Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары сайлау штабын құру жұмыстары туралы баяндады.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазіргі таңда еліміз аса маңызды тарихи кезеңді бастан өткеруде. Осындай жауапты сәтте барлық басымдықтарды сақтай отырып, сіздің саясатыңызды әрі қарай тиімді жүзеге асырудың еліміз үшін маңызы өте зор. Сондықтан сіздің тәуелсіздігімізді күшейтуге, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға еліміздегі жүйелі жаңғыртуға бағытталған саясатыңыз партия мен оның мүшелері үшін ең негізгі басымдықтар болып табылады.

Сонымен Nur Otan съезге дайындықты бастады. Мәулен Әшімбаев жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылатынын айтты. Алдағы күндегі бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бас қосады, сонда делегаттар іріктеледі. Бұл жұмыс бір аптаның ішінде бітуі керек. Республикалық және аймақтық штабтар құрылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- В предстоящий период партия должна организовать работу по следующим направлениям, главное, принять активное участие в предвыборной кампании. Это проведение внеочередного съезда. Большая работа, организация общественного избирательного штаба, все это потребует оперативной слаженной работы центрального аппарата и региональных филиалов. Должны подключиться все первичные организации.

«Барлық айқындалған міндеттер орындалуы керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Себебі Nur Otan партиясы Қазақстанды жаңғыртатын басты қозғаушы күшке ие.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- На партии лежит большая ответственность - обеспечить преемственность выбранного нами политического курса и выполнение всех обозначенных мною стратегических задач. Мы с вами сделали очень многое и спокойно передали эстафету следующему поколению. Это поколение должно следовать стратегическому курсу, который мы проложили. Именно в этом заключается стабильность и развитие.

1 қыркүйекке дейін партияның кадрлық резерві жасақталады. Жиын кезінде Нұрсұлтан Назарбаев осындай нақты тапсырма берді. Себебі Nur Otan партиясы мемлекеттік басқару жүйесі үшін маман дайындау ісіндегі негізгі құрылым болуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Перед секретариатом АНК я поставил конкретные задачи. В конце месяца проведем сессию ассамблеи и совершенствовать межнациональные отношения. Nur Otan должна быть главным институтом в разъяснении сути моей политики. Время и достигнутые результаты показали, что выбранный нами курс был правильным. В целях его дальнейшей реализации нужно организовать конкретную работу.

«Құтты мекен», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі» және «Халыққа көмек». Ақпандағы Nur Otan съезінде Елбасы айқындап берген барлық мақсат-міндет осы төрт жобаның төңірегіне топтасты. Нақты жобалардың жай-жапсары, аяқалысы туралы мониторинг орталығында Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндалды. Кейін кеңес кезінде Елбасы бұлардың әрқайсының маңызын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Әр қайсысы үлкен шаруа. Бақытты отбасы, оның ішінде толып жатқан шаруалар бар. Барлығы бірдей жұмыс істеу керек. Құтты мекен әр ауылда, қалада өзінің тұрған жері дұрыс болу үшін көңіл бөлу керек. Осы төртеуін қолға алсақ біздің нәтижелі жұмыс істеуіміздің барлық жағдайы, бағдарламасы бар.

2030 жылға дейінгі ауқымды бағдарлама бар. Оның мән-маңызы туралы Елбасы ХVIII съезд кезінде жан-жақты айтқан болатын. Nur Otan – қоғамға қажетті жобалардың ұйытқысы ғана емес, әлеуметтік-экономикалық бастамалардың тиянақты жүзеге асуын үнемі бақылауда ұстайтын партия. Себебі елдің игілігіне бөлінген қаржы орта жолда ортаймай, кәдеге жарауы тиіс.

Авторлары: Дархан Әбдуахит, Хасен Омарқұлов