Хабар телеарнасы

Елімізде қызылшаға қарсы екпе басталды

Ол үшін 478 мың бірлік вакцина алынған. Мамандар ауруға көбіне екпе алмағандар шалдығатынын айтады.

Қызылша ауруының D8 және B3 вирусы Қазақстанға Еуропа мен Азиядан тараған. Бұл қоздырғыштар әсіресе жүкті әйелдерге қауіпті. Қазір елімізде 80 адам ем алып жатыр. Олардың дені – бала. Жалпы жыл басынан бері 4 700-ге жуық адамның қызылшамен ауырғандығы белгілі болды.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Жоспарлы түрде жылда келетін 651000 дозасына алып отырмыз. 1 сәуірден бастап, қосымша иммундау жүйесі басталады. Ең тиімді тәсілі ол вакцинация. Ертең ауырып қалады. Ол бірінші қатер, асқынуы пневмония, миға байланысты, болашақта болатын зақымдар.