Хабар телеарнасы

Атаулы әлеуметтік көмекті жаңа ереже бойынша төлеуге қатысты құжат қабылдау басталды

Осының арқасында өзге отбасы мүшелерінің құжаттарын көруге болады. Табыс көлемін анықтайтын арнайы комиссия мүшелері аз қамтылған отбасылардың үйлеріне барып, тұрмыстарын көретін болады. Бір аптаның ішінде оларға анықтама беріліп, әр айдың соңында қаржымен қамтылады. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 4 аудан әкімдіктері қызмет көрсетіп жатыр.

Дана Тұрғынова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы:

- Сағат 08:30-дан басталған жұмыста 20 адамды қабылдап үлгердік. Егер бір ана төрт бала тәрбиелеп отырып, жалақысы 80 мың теңге болса, оның табысы 5 адамға бөлінеді. Әр мүшесінің табысы 20 789 теңгеден аспайтын болса, онда автоматты түрде атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыра алады. Жаңа формат бойынша 2500 отбасыны қамтимыз деп отырмыз.

Айгүл Рысбаева, көпбалалы ана:

- Менде 4 бала бар. Жалғызбасты анамын. Көмек береді деген соң құжат тапсыруға келіп тұрмын.