Хабар телеарнасы

Тікұшақ апаты болған жерде арнайы комиссия жұмыс жасауда

Бұл туралы Әскери әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов Қызылордада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Әуе апатынан қаза болғандардың мәйіті туған-туыстарына тапсырылады. Мүрделерді тасымалдау үшін әскери әуе күштерінен арнайы ұшақтар бөлінбек. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата әуежайында қайғылы оқиғаға байланысты қаралы митинг өтеді. Құлаған тікұшақтың қара жәшігі табылды, қазір тексеріліп жатыр», – деді Дәурен Қосанов.

Дәурен Қосанов, ҚР Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы:

- Тікұшақ құлаған жерді және оның төңірегін тексеріп шықтым. Әуе техникасы кенеттен істен шыққанға ұқсайды. Тіпті жақын маңдағы малшының үйі мен қора-жайына да құлауы мүмкін еді. Алайда ұшқыштар тікұшақты басқа жаққа бұрып, ең соңғы сәтке дейін күрескен.