Хабар телеарнасы

«Қаламқас» ұңғымасындағы өртке қатысты брифинг өтті

Халықаралық талаптарға сай экологтар мен сала мамандары жылжымалы лабораториялық зертханалармен оқиға орнына барып, сынамалар алады. Қоршаған орта мен маңайдағы елді мекендерге зияны бар-жоғын анықтайды.

Зулфуһар Жолдасов, Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы орынбасары:

- Біздің көшпелі лабораториямыз жергілікті атмосфера, су, топырақ және ауа құрамын тексеріп жатыр. Зерттеу нәтижесі бойынша қоршаған ортаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Каспий теңізінің ең жақын жағалауы 4,5 шақырым жерде орналасқан. Онда бөгеттер орнатылғандықтан ластанған заттардың теңіз суына ену қаупі жоқ. Енді барлық шығын есептеліп, тиісті мекемелер жауапқа тартылатын болады. Жағдайды жіті бақылап отырмыз.