Хабар телеарнасы

ҚР Тұңғыш Президентін қолдауға арналған флешмоб ұйымдастырылды

Осылайша мерекеге аздаған ерекшелік енгізуді жөн деп тауыпты. Шара «Достық үйінің» алдында өтті. Әр этнос өкілі өз ұлттық киімін киіп, ауызбірлік, татулық, ынтымақ, қолдаудың нышанына айналған ассамблеяның логотипін бейнеледі. Олар осы шара арқылы Астананың Нұр-Сұлтан деп аталуы бастамасын бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Мақсатбек Абдужаппаров, Өзбек этно-мәдени орталығының өкілі:

- Аспанымыз ашық, осындай қуанышты күндерде жүрміз. Біз осы үшін әрине, біріншіден, Елбасымызға үлкен алғыс білдіреміз. Астана қаласының жаңа есімі Нұр-Сұлтан болуы – үлкен мәртебе.

Аружан Арзидунқызы, Ұйғыр жастар орталығының өкілі:

- «Нұр» дегеніміз нұрлы болсын еліміз, жалпы шуағын шашып тұрсын деген мағынаны білдіреді. Ал «Сұлтан» деген басқарушы, мықты деген мағынаны білдіреді деп ойлаймын. Сол себепті Нұр деп сызықша арқылы берілгені өте жақсы.

Надежда Ан, Корей этно-мәдени бірлестігінің өкілі:

- Біздің кәрістердің этно-мәдени орталығы Елорданың Нұр-Сұлтан деп аталуын қолдайды. Себебі біздің Тұңғыш Президентке деген құрметіміз ерекше. Осы уақытқа дейінгі сіңірген еңбегінің осындай жоғары деңгейде бағаланғанына қуаныштымыз.