Хабар телеарнасы

Атырау қаласы Наурыз мейрамын қалай тойламақ?

Облыс орталығындағы «Бейбарыс» алаңына жағалай қонған ақ отаулар қалалықтармен қатар шетелдік азаматтардың да назарын аударды. Олардың барлығы нағыз қазақы нақышта безендіріліп, көне жиһаздармен жабдықталған. Көздің жауын алардай етіп жасалған туырлық пен алуан түрлі басқұрлар, көне әбдірелер мен адалбақандар, есіктен төрге дейін малынған сырмақтар мен оюлы текеметтер шынында да тамашалауға тұрарлық. Киіз үйлер көше бойына тізіліп тігілген. Ал олардың араларындағы алаңқайларда ұлттық ойындар өткізіліп, қазақы салт-дәстүрлерден көріністер сахналанбақ.

Кевин Кастнер:

- Наурыз – менің ең сүйікті мерекем. Бұл күнгі салт-дәстүрлер мен қонақжай дастархан қазақ халқының тарихы мен мәденитін терең танып білуге игі ықпалын тигізуде.

Эрик Баутиста:

- Мен бұған дейін де талай елдерде жұмыс бабымен болғанмын. Бірақ та тап осындай меймандос көңіл мен халықтық мерекені көргенім жоқ. «Наурыз – бейбітшілік пен келісім мейрамы» деп білемін.