Хабар телеарнасы

Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

Құпия дауыс беруге қатысқан 44 Жоғары палата депутатының барлығы да Дариға Назарбаеваның кандидатурасын мақұлдаған. Сенаттың жаңа спикері бұған дейін палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарды. Әр жылдары Мәжіліс Төрағасының орынбасары, Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. «Парасат», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.