Хабар телеарнасы

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының бұған дейінгі бастамаларын орындайтын болады

Құрылымдық реформалар мен мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамыту және «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жалғасады.

Биылғы жылы экономика өсімі 3,8% төмен емес деңгейде болады. Ал инфляция 4-6% дәлізінде сақталмақ. Үкімет тұрақты фискалды саясатын жалғастырады. Бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Бюджеттік міндеттемелер мен әлеуметтік бастамалар толық ауқымда орындалады. Әлеуметтік тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасын орынсыз көретуге жол берілмейді. Ұлттық банк төмен инфляцияны қолдау мақсатында қаржы-несие саясатын жалғасырады. Валюта нарығы, банк секторы және өзге қаржы нарықтарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық шара қабылданады. Бұл орайда Ұлттық банктің алтын активтері мен құралдары жеткілікті.