Хабар телеарнасы

Айман Мұсақожаева: Қазақстан Тұңғыш Президенттің басшылығымен әлем мойындаған мемлекетке айналды

«Қазақстан Тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған мемлекетке айналды», – дейді Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева.

«Елбасымыздың арқасында біз көп жетістікке қол жеткіздік. Елімізге жаңа астана – Астана қаласын салып берді. Президентіміздің жоспары бойынша көптеген жаңа тұрғын үй, жаңа балабақша, сондай-ақ жаңа Назарбаев Зияткерлік мектептері салынды және әлі де салынып жатыр. Еліміздің мәдениетін биік көтеріп, «Астана Опера», «Астана Балет», көптеген спорт кешені салынды. Қазақтың қара балалары бүкіл әлемге өзінің мәдениетін паш еткізуге мүмкіндіктер алды», – деді Айман Мұсақожаева.