Хабар телеарнасы

Қазақстанның әрбір жетістігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты

Сол сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 98,7% дауыс жинады. Міне осы сәттен бастап қалыптасқан президенттік институт өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді.

Қазір айтуға оңай болғанмен, ол уақыт шынында да алмағайып кезең еді. Кеңес Одағы ыдырап, экономикалық байланыстар үзілді, оның үстіне билік арасында тартыстар жүріп жатты. Өтпелі кезеңде стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешімдер қабылданғанын қазір аңғаруға болады.

Қазақстанның әрбір жетістігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Қазір қазақ елін бүкіл әлем таниды. Нұрсұлтан Назарбаев бастамаларының қай қайсын да әлемдік қауымдастық қуаттайды, құрметтейді. Астанада өткен бірнеше алқалы басқосу, Қазақстанның жүзеге асқан талай бастамалары соның айғағы.