Хабар телеарнасы

БҚО-да адалдық дүкені ашылды

«Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Ең қызығы, сөреге қойылатын тәтті тағамды полицейлердің өздері пісіріп әкеледі. Қалағанын алған тұтынушы өнімнің құнын өзі белгілеп, ақшасын кассаға тастап кетуі тиіс. Адалдықтан жиналған қаржы жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға беріледі. Полицейлердің үлгісін қаланың өзге мекемелері де қолға алмақ.