Хабар телеарнасы

Brexit жобасы қабылданбады

Құжатты 242 депутат қолдап, 391-і қарсы дауыс берген. Ал Brexit процесінің басталуына небәрі 16 күн қалды. Тараптар келісімге келмесе, Ұлыбританияның ЕО-дан шығу мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Қаңтар айында Брюссельмен жасалған келісімді депутаттардың басым бөлігі қолдамаған еді. Ұлыбритания парламенті Ирландия шекарасына қатысты бірнеше өзгерту енгізуді талап еткен.

Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск болса, осы жолғы дауыс беру нәтижесіне көңілі толмайтынын білдіріп, ЕО тарапынан құжаттың мақұлдануына барлық мүмкіндік жасалғанын айтты. Енді парламентте Біріккен Корольдіктің ЕО-дан келісімсіз шығуына қатысты қайта сайлау өтеді.

Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі:

- 50-ші баптың күші жойылады ма? Қайта референдум өткізіледі ме? Әлде басқа келісім болады ма? Бізге таңдау жасау керек. Қауымдар палатасының шешімінен кейінгі жағдай дәл осындай.