Хабар телеарнасы

ЕО Boeing 737 MAX ұшақтарынан бас тартты

Осылайша аталған ұшақты әуеге көтеруден бас тартқан елдер қатары көбейіп отыр. Бұған дейін бірқатар ел америкалық концерннің әуе кемесін қайта бақылаудан өткізу туралы шешім қабылдады.

Андреас Шойер, Германияның көлік министрі:

- Қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұр. Әрине, апаттың мән-жайын анықтап, оқиғаны жан-жақты саралауымыз қажет. Барлық мәліметті білмей тұрып, алдын ала болжам жасағым келмейді. Күмән сейіліп, тергеу қорытындылары бұл талқылауларға нүкте қойғанға дейін әуе кемелерінің ұшуына тыйым салу туралы шешім күшінде қалады.