05:02Эфирде: «04:29» кино
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Жылына бір рет берілетін жәрдемақы 100 мың теңгеге көтерілмек

  • Категория: Сюжеттер
Жылына бір рет берілетін жәрдемақы 100 мың теңгеге көтерілмек

Енді елімізде жәрдемақыға зәру отбасылар туралы ақпаратты, мекенжайы мен әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтайтын «Е-халық» орталығы іске қосылмақ.

Сол орталық арқылы мемлекеттен алатын әлеуметтік жәрдемақыларыңызды рәсімдей аласыз.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы: «Аналар жәрдемақы рәсімдеу үшін ары-бері шапқыламасын, құжаттары тез уақытта жасалсын», – деп тапсырған болатын.

Сондай орталықтың алғашқысы Шымкент пен Таразда ашылмақ. Шымкентте аға буын өкілдерінің уақытын тиімді өткізу үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы да ашылатын болады.

Ал Жұмыспен қамту орталығында көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін цифрлық кабинеттер жұмыс істейді. Ол орталыққа келіп тегін білім алуға болады.

Көпбалалы аналарға арналған орталықта мемлекеттік қызметтің барлық түрі көрсетілмек. Шымкент қаласында бүгінгі таңда 31 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Ал мүкіндігі шектеулі азаматтар саны 36 мыңға жуықтайды. Енді табысы күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасыларға жылына бір рет берілетін әлеуметтік көмекті 25 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көбейтпек. Бұл жәрдемақы тамыз айынан бастап беріледі. Ал Жамбыл облысында 20 мыңға жуық Алтын, Күміс алқа иелері бар. 24 мыңға жуық көпбалалы, 14 мыңнан астам аз қамтылған отбасы тіркелген.

Гүлжан Құрманбекова, қала әкімінің орынбасары:

- Аналар орталығында аз қамтылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Одан бөлек қаламыздағы аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға, жан басына шаққандағы кедейлік шегі 5 мыңға жетпейтін азаматтарға қала бюджеті есебінен 100 мың теңге беру бойынша да шешім қабылдап, тапсырмасын берді.

Сонымен 1 шілдеден бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеу ең төменгі күнкөріс деңгейі 70% дейін көтеріледі.

Яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге жетеді. Нәтижесінде бұрын атаулы көмекті 571 мың адам алса, 1 шілдеден 830 мыңнан астам адам алады. Сонымен қатар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде түрлі әлеуметтік жәрдемақылар есептелмейді. Яғни таза табыс есепке алынады. Мысалы 4 баласы бар толық, бірақ материалдық жағдайы төмен отбасының ата-анасына 24,912 теңге, ал 4 балаға 20 789 теңгеден 83 156 теңге төленеді. Сонда бір отбасы мемлекеттен ай сайын 108 068 теңге атаулы көмек алады.

Сондай-ақ...