01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматыда атыс болды

  • Категория: Сюжеттер
Алматыда атыс болды

Алматы орталығында тал түсте оқ атылды.

Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында сөзге келісе алмаған бір топ жігіт аңшы мылтығынан қарсыластарына оқ жаудырған. 7 наурыз күні болған оқиғаны қалалық полиция департаменті «қарулы шабуыл» деп бағалады. Қазір қылмысқа қатысы бар деген төрт күдікті ұсталып, тергеліп жатыр. Ұсталған азаматтар бұған дейін істі болмаған. Абырой болғанда атыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Cалтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі:

- Бұл қылмысқа қатысы бар төрт азамат ұсталып отыр. Оның екеуі ізін суытпай жатып ашылған болса, ал қалған екеуі түнде ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды. Болған оқиғаның толық себеп-салдары, мән-жайы тергеу барысында мәлім болады.

Сондай-ақ...