Хабар телеарнасы

Boeing 737 апаты: Іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр

Қазір ол сараптамаға жіберілді. Арнайы іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Қайғылы оқиғаның себептерін арнайы құрылған комиссия анықтауда. Әуеге көтерілгеннен кейін пилот техникалық қиындықтың туындағанын айтып, ұшақты қондыруға рұқсат сұраған.

Рейстерді бақылаушы Flightradar24 сайтының мәліметінше, ұшақ көкке көтерілген соң қалыпты ұшу деңгейін ұстай алмаған. Ethiopian Airlines әуе компаниясының жолаушылар лайнері Аддис-Абебадан Кенияның астанасы Найробиге бағыт алған еді. Алайда көкке көтерілгеннен кейін 6 минуттан соң құлаған. Ұшақ бортында болған 157 адамның барлығы қаза тапты.

Теволд Гебремариам, Ethiopian Airlines компаниясының бас директоры:

- Қаза тапқандардың туыстары үшін көмек орталығы құрылды. Мұндай орталықтар Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия және өзге де елдерде жұмыс істейді. Әзірге апаттың себебі белгісіз. Біз барлық халықаралық ережені орындаймыз. Boeing компаниясы, Көліктегі қауіпсіздік бойынша ұлттық кеңес және Эфиопия азаматтық авиациясының өкілдері бірлесіп тергеу жүргізеді.