03:53Әрі қарай: ҚР Әнұраны
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы миссиясына бітімгерлердің екінші тобы барады

  • Категория: Сюжеттер
БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы миссиясына бітімгерлердің екінші тобы барады

Ливанға бітімгерлік миссиямен аттанған қазақстандық сарбаздар алты айдан соң дін аман елге оралды.

Олардың орнын басатын әскерилердің келесі легі Алматы облысында арнайы дайындық жүргізіп жатыр. БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы миссиясына баратын сарбаздарға қандай талап қойылады?

Жаттығу алаңының бір бөлігі Ливандағы әскери бөлімге ұқсатып жасалған. Сарбаздар бақылау бекетінен өтетін тұрғындармен ағылшын тілінде сөйлеседі. Мұндағы барлық дайындық пен сынақтар Таяу Шығыстағы оқиғамен байланысты.

Бітімгер болу үшін тек білек күшінің дайындығы жеткіліксіз. Оған қоса психологиялық тест тапсырып, ағылшын тілін еркін меңгеру қажет. Жергілікті халықпен тіл табысудың тәсілдерін игеру керек.

Жігер Айыпов, ІІ Бітімгерлер ротасының командирі:

- Ротаның жеке құрамы бітімгершілік дайындығынан сабақтар өтуде және әскери медициналық, әскери инженерлік және байланыстан сабақ жүргізілуде. Сабақты тек қана бітімгершілік миссиясында болып келген, бітімгершілік даярлығынан тәжірибесі үлкен офицерлер өткізіп жатыр.

Мұнда сарбаздарға тәжірибелі мамандар бітімгерлердің негізгі міндеттерін үйретеді. Соның бірі – Асылхан Аманғалиұлы. Подполковник Африкадағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсететін БҰҰ сарбаздарының қатарында болып келген.

Асылхан Аманғалиұлы, бітімгерлер нұсқаушысы:

- Әскери қызметшілер патруль кезінде және басқа да тұрғылықты жерге барғанда операция болады. Сол кезде әскери қызметші тұрғылықты адамдармен сөйлесуге дайын болуы керек. Сондай-ақ оларға әрқашан да көмектесуге дайын болу керек.

Ливандағы бітімгерлер жылына екі рет алмастырылады. Сәуірде елге оралатын сарбаздарды арнайы дайындықтан өткен 120 бітімгер алмастырады. Олар БҰҰ-ның үндістандық батальонында борышын өтейді.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Радик Жакупов

Сондай-ақ...