Хабар телеарнасы

Жүрегі оң жағында орналасқан адамға операция жасалды

Мұндай жағдай Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге тән екен. Бұл туралы «Созылмалы жүрек ауруларына» арналған конференцияда айтылды. Дәрігерлердің айтуынша, көп жағдайда марқұмның туыстары келісім бермейді. Елімізде жүрек трансплантациясы тек Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жасалады. Бүгінге дейін мұнда 76 адамға жүрек алмастырылған. «Жылда күту парақшасына 100 науқас тіркеледі, бірақ 30% донорлық жүрек табылғанша көз жұмады», – дейді мамандар. Сондықтан әлемде және Қазақстанда жасанды жүрек салу бағдарламасы қарқын алуда. Қазақстанда ондай 300-ден астам операция жасалған.

Сәлім Беркінбаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

- Ең бірінші, адам жаман әдеттерден бас тарту керек. Темекі тарту, арақ ішу. Қазіргі көп кездесетін дерттің бірі гиподинамия. Адам аз қозғалады. Спортпен айналыспағандықтан да жүрек аурулары көп дамиды.