Хабар телеарнасы

Қорғаныс саласындағы жемқорлықпен күрес

Қорғаныс министрлігі екі полиграф аппаратын сатып алған. Бұдан былай барлық әскери шенділердің қызметі өскен сайын полиграф арқылы тест тапсырады. Бір жылда жүзге жуық сарбаз осындай тексеруден өткен. Әскери полиция басқармасының мәліметінше, олардың тек 60% ғана сыннан сүрінбеген. Мамандардың айтуынша, детекторды алдау мүмкін емес.

Жомарт Битабаров, ҚР Қарулы күштері әскери полициясы басқармасының полиграф маманы:

- Қондырғыны алдау мүмкін емес. Жалпы мұның көрсеткіші 97-98% болған. Қосымша және негізгі датчиктармен бірге мөлшермен 5-6 датчик бар. Кеуде, дене тынысы мен қан қысымын тексеретін, сондай-ақ саусақтарға киілетіні бар.