Хабар телеарнасы

Құмар ойындарға қызығатындар саны азаймай тұр

Зиянын біле тұра азаматтар құмар ойнап ауруға шалдығады, ақыры барынан айырылады. Мәселен, Алматыдағы оңалту орталығына былтыр 266 адам түскен. Дерттен дегбірі қашқандарды демеу мақсатында «Нұр Отан» партиясы мүдделі тараптарды бір үстел басына жинады. Бейресми ақпаратқа сай, ойынқұмарлыққа тәуелді тұрғындардың орташа жасы 35 екен, ал орташа шығыны 10 млн теңге.