Хабар телеарнасы

Әлемде 1 миллиард 800 миллион жас адам тұрады

Қазір әлемде 1 млрд 800 млн жас бар. Жаңа стратегияны ұсынған кезде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазіргі жастар алдында орасан зор мәселелер тұрғанын атап өтті. Бұл – жаһандану үрдісі, миграция, ауа райының өзгеруіне байланысты туындаған мәселелер. «Жастар – 2030» стратегиясы жас буынның өз әлеуетін қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Тұрмысын жақсартуды көздейтін «Жастар – 2030» жаңа стратегиясының басты бес бағыты: қазіргі заман мәселелерін шешуге жастарды тарту, білім мен денсаулық сақтау саласына қолжетімділігін кеңейту, экономикалық жағдайын жақсарту, өз құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау, жанжалдар мен шиеленістер кезінде жастарға қолдау көрсету.