01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Ұлы даланың жеті қыры»: Қожа Ахмет Ясауи мұрасы

«Ұлы даланың жеті қыры»: Қожа Ахмет Ясауи мұрасы

«Қожа Ахмет Ясауи өзінің хикметтері арқылы түркі тілінің сақталып қалуына зор үлес қосты.

Кемеңгер ойшыл сонысымен тұтас түркі жұртына қадірлі», – дейді Ясауидің еңбектерін зерттеп жүрген ғалымдар. Әзірет Сұлтан кім болған? Оның «Диуани хикмет» шығармасының мәні неде? Бүгінгі күні ясауитану бағытында қандай істер атқарылып жатыр?

Ұлы Тұран даласына Ислам дінін насихаттап, таралуына үлес қосқан ғұламалар көп. Бірақ түркі халықтары үшін Қожа Ахмет Ясауидің орны бөлек, мәртебесі биік. Ясауитанушы ғалымдардың айтуынша, оның бір себебі Әзірет Сұлтан Ислам ілімі мен Құран сөзін Орталық Азияға ең алғаш түркі тілінде уағыздаған. Ол заманда араб тілін көп адам білмеген соң, оның өз тіліндегі айтулары халыққа түсінікті болған.

Марат Тұяқбаев, археолог-тарихшы:

- Бұрын Түркістан бір қалауат болса, Отырар бір қалауат, Сайрам бір қалауат болып кете береді. Бұл кісінің шәкірттері 50 қалауатта жұмыс істеген. Бұның бізге ең маңыздысы хикметтері арқылы түркі тілін сақтап қалуға үлес қосты. Артынан ерген шәкірттері ең көп софылар.

Ғұлама ғалым шәкірттерінің бойына шариғат заңдарын түркі тілінде сіңірген. Мыңдаған шәкірті Азия, Еуропа, Үндістанға дейін барып, Ясауи ілімін таратқан. Атақты «Диуани хикмет» кітабын да түркі тілінде жазған. Бүгінге дейін құрметтеліп келетін шығарманың мәні неде?

Нұрболат Ахметжанов, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры

- «Диуани хикметтегі» даналық сөздерінде не жазылған? Ол – тура жол, тура жолға түсу. Тазалық, жалпы өмір сүрудің қағидалары. Мына дүниеде іс-әрекеттеріңе басқа дүниеге барғанда жауап сұралынады. Осы жөніндегі даналық сөздері дер едім.

Мамандардың айтуынша, Ясауидің бізге жеткен хикметтерінің саны 100-ден асады. Бірақ ғалымдар зерттеп-зерделеген тек өзіне тиесілі 70 хикметі бар. Басқалары зерттелуде. Оларды шәкірттері жазуы да мүмкін деген болжам бар. Ал бүгінде Ясауи хикметтері орыс, қазақ, түрік тілдеріне аударылған. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған міндеттерге сай, латын қарпімен де биыл басып шығарылды.

Жылда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында халықаралық «Ясауитану» байқауы және халықаралық ғылыми конференция өтіп тұрады. Былтыр Астанада Ясауи хикметтері тұңғыш рет музыка арқылы орындалды. Биыл осы жобаны бүкіл түркі халықтарына көрсету жоспарланып отыр.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Сондай-ақ...