02:55Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ШҚО-да соңғы екі тәулікте 1 айдың көлеміндегі қар жауды

ШҚО-да соңғы екі тәулікте 1 айдың көлеміндегі қар жауды

Коммуналдық мекемелер тоқтаусыз жұмыс кестесіне көшіп, барлық техниканы жұмылдырса да, тазалап үлгермей жатыр.

Әсіресе шеткі аудандардағы көшелер мен аялдамалар қарға көміліп тұр. Жалпы осы қыста Өскеменнен 100 мың текше метрден аса қар шығарылған. Тұрғындарға үйлер мен ғимараттардың шатыры мен ернеулеріне қатқан мұз қауіп төндіруде.

Былтырғы қазан мен қарашада қара суық болмаса, қар аз жауды. Желтоқсанның соңы мен қаңтарда толассыз жауды. Соңы екі аптада қаланың коммуналдық мекемелері тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.

Олжас Керейхан, тілші:

- Қараша айынан бері қаладан 102 мың шаршы метр қар шығарылған. Ол үшін 80 нен астам техника және 300-ге жуық адам жұмылдырылған. Дегенмен соңғы екі тәулікте аймақта 20 сантиметрден астам қар жауып қалды. Сондықтан коммуналдық мекемелер орталық көшелер болмаса, шеткі шағын аудандардағы қарды тазартып бітпей жатыр. Кейбір автобус аялдамаларының маңындағы қар әлі жатыр. Бұл әсіресе таңертең-кешке көлік нөпірі мен адам санны артқан кезде қоғамдық көліктердің қозғалысына қиын.

Блиц:

- Ең бірінші аялдамалардың маңындағы қарды алып тастаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені автобустар қатарынан аялдамаға тоқтаған кезде бері жақтан отыра алмай, үлкен кісілерге ыңғайсыз жағдай тудырады.

- Орталық көшелерді ғана тазалайды. Шеттегі жолдар сол қалпы жатыр. Биыл ондай көп емес қой. Шеттегі жолдармен жаяу жүру мүмкін емес. Қар бойыңнан асады.

Қарды уақытында шығару үшін техника мен жұмысышыларды бірнеше аумаққа бөлген. Дегенмен негізгі күш орталық көшелерге жұмылдырылады.

Ардақ Әбілдинов, Коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының орынбасары:

- Қаланы тазалау күндіз-түні жүргізіліп жатыр. Бүгін түнде 59 техника шықса, қазір 70 техника көшеде жүр.

Дегенмен өскемендіктер қардың қалыңдығынан емес, ғимараттардың төбесі мен үйлердің кіреберісіне қатқан мұздан қорқып отыр. Ақсүңгіні ою – жеке пәтер иелері кооперативінің міндеті. Бірақ көбінде мүмкіндік жоқ. Талай жыл кооператив төрайымы болып істейтін Жазира Шәкенова мұзды түсіретін альпинисті жалдау өте қымбат екенін айтады. Ал тұрғын үйлердің бірінші қабатындағы жеке кәсіп иелері мұзды оюға көмек көрсетпейді. Тіпті қарсы болатындары бар.

Жазира Шәкенова, Жеке пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

- Бірінші қабаттағы кәсіпкерлер жұмыс істегісі келмейді. «Өйткені үй біздікі, үй сіздердікі», – дейді.

Өскеменде қазір 1 704 көпқабатты үй бар. Көбі өткен ғасырда салынған. Мұз осы шатыры ескі үйлерге көп қатады. Күнделікті тазалауға қауқарсыз. Сондықтан қауіпсіздік белгілерін қоюдан аспай отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ...