Хабар телеарнасы

Қарағандыда 1200 орындық заманауи мектеп салынды

Қаланың оңтүстік-шығысында математика бағытындағы арнайы мектеп, жасөспірімдер мен оқушылар сарайы бой көтереді. Кеншілер шаһарының дәл осы ауданын жаңаша түлетуді Елбасы өңірге барған сапарында тапсырған еді.

Қазір 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Енді сырты әрленіп жатыр. Оқу мекемесі заман талаптарына сай жабдықталған. Енді қалада екінші оқушылар мен жасөспірімдер сарайының құрылысы басталмақ. Оған күніне 3500 бала келіп, үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады.

Бұл әлеуметтік нысандар тапсырылған кезде оңтүстік-шығыс аудандағы халық сұранысы толық қанағаттандырылады.