Хабар телеарнасы

3 жылда Жетісу облысындағы қант қызылшасының алқабы үш есеге ұлғаяды

Алдағы үш жылда Жетісу облысындағы қант қызылшасының алқабы үш есеге ұлғайтылып, 15 мың гектарға жетеді. Тәтті түбір мен қамыс құрағын өңдеу арқылы 525 мың тонна қант өндірілмек. Бұл туралы Премьер-Министр Жетісу облысына жұмыс сапарында айтты. Әлихан Смайылов өңірдің экономикалық даму барысымен танысып, шаруалармен кездесті. Олар дәнді-дақыл тұқымына берілетін субсидияны көбейтуді сұрады. Сонымен қатар кездесуде коммуналдық мәселе көтерілді. Мәселен, биыл Талдықорғанда 13 рет жылу жүйесі жарылған. Апат санының артуына құбырдың 65% ескіруі, «Басқуат» қазандығының 85% тозуы себеп. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-Республика тарапынан қолдау көрсетпесек мұндай үлкен жоба іске аспай қалады. Ол бір шетінен тарифтің есебінен болады. Екінші жергілікті бюджет есебінен үшіншіден республикалық бюджет есебінен қолдау көрсетілетін болады.