Хабар телеарнасы

Елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,9% артты

Оның басым бөлігі жылжымайтын мүлік пен ауыл шаруашылығы саласына бағытталған. Бұл экономиканың қарқын алуына негіз болмақ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі жылжымайтын мүлік саласында 15,2%, ауыл шаруашылығында – 6,7, ал өнеркәсіпте 5,9%, көлік және қойма шаруашылығында 5,4% артқан. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Қызылорда, Жетісу, Маңғыстау және Алматы облыстарында. Сондай-ақ Шымкент, Астана қалаларында байқалды.