Хабар телеарнасы

Ауыл шаруашылығы — экономика тірегі

Ел экономикасындағы ең үлкен әлеует ауыл шаруашылығында десек, былтыр бұл саладағы жалпы өнім көлемі 9,1% артқан. Өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен болған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі әсіресе 5 облыста қарқын алған. Қостанайда 147,2%, Ақмолада 121,6%, Батыс Қазақстанда 113,2%, Солтүстік Қазақстанда 112,2%, Маңғыстауда 110,7% өсім байқалды. Өсімдік майының өндісі былтыр 49,5% жетсе, қанттың көлемі 34,4% дейін артқан. Ал жармалар өндірісі 11,5% -ке жетсе, ұнның көлемі 10,2% дейін өскен.