Хабар телеарнасы

Азық-түлік қоры жеткілікті – Үкімет

Алдағы көктемде кейбір көкөніс түрлерінің маусымдық тапшылығы болмайды. «Жаңа өнім өсіп шыққанша елімізде жылда қайталанатын бірқатар өнім мен түрлі тауарлардың жетпей қалуы биыл болмайды»,деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин. Айтуынша, өткен жылы үкімет ең қажетті деген азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін 100 млрд теңге қарастырған. Оның 25 млрд теңгесі қант тапшылығын түбегейлі болдырмау шараларына бағытталды. Қалған сомаға тұрақтандыру қорларына картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ сияқты көкөніс пен басқа да өнімдер алынды. Бұл тауарлар ішкі нарық сұранысын жабуға жеткілікті.

Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі: 
- Біздер былтыр осы қазан, қараша айында тауарларды жинадық, желтоқсан айында, қаңтар айында шығарыңыз дегенде біздер көнбедік. Себебі қазір бізде ең маңызды айлар осы ақпан, наурыз, сәуір айы. Соған жинап, қазір толығымен жеткілікті. 185 мың тонна тауарларымыз бар.