Хабар телеарнасы

Сенат қарыз алу туралы жаңа заңды қабылдады

Сенатта 346 млн еуроға жуық сомаға қарыз алу туралы заң қабылданды. Қаражат Халықаралық Қайта Құру және даму банкінен алынады. Қаржы министрі қарыз толғымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатынын жеткізді. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11 жарым жылға беріледі. Оның ішінде 2 жарым жылға жеңілдік көзделген. Бұл жаңалыққа елең еткен халық қалаулылары еліміздің мемлекеттік қарызын бақылау жоғалды деп дүрсе қоя берді. Депутат Еділ Мамытбековтың айтуынша, Үкіметтің қарызы 20 трлн теңгеге жетті, ал келесі жылы бұл сома тағы 15% өседі.

Еділ Мамытбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- 5 жыл ішінде мемлекеттік қарызға қызмет көрсету шығындары үш есе артады. Бұл жай мәселе емес, бұл елдің экономикалық қауіпсіздігі мәселесі. Қарыздың ұзақ мерзімге және жеңілдікпен берілуіне қарамастан, оның экономикаға әсері көптеген сұрақтар туғызады және талдауды қажет етеді.