Хабар телеарнасы

Ақтөбеде тұрақтандыру қорын көгөніспен қамтамасыз етуге 377 млн теңге бөлінді

Фьючерстік келісім бойынша жергілікті көгөністен бөлек Павлодар және Жамбыл облыстарынан қажетті өнім алынады. Мамандар: «Бұл нарықтағы әлеуметтік маңызды тауар бағасын тұрақтандыруға негіз болмақ»,— дейді.

Тимур Биманов, басқарушы компанияның бөлім басшысы:
- Биыл әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, 7 мың 224 тонна бірінші сұрып ұны сатып алынды. Ол жергілікті 4 наубайханаға берілді. Сондықтан әлеуметтік нан құны 87 теңгеден аспауы тиіс.