Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Нью-Йоркте ірі америкалық компаниялардың басшыларымен келіссөз өткізді

Америкалық General Electric Қазақстанда медициналық құрылғыларды шығаратын кәсіпорын ашады. Microsoft елімізде IT зертханасын орналастырып, мамандардың біліктілігін арттыруға үлес қосуы мүмкін. IT саласындағы тағы бір жетекші компания EPAM systems технологиялық хаб құруға ниетті. Мемлекет басшысы Нью-Йоркте ірі америкалық компаниялардың басшыларымен келіссөз өткізді. Нью-Йорк уақытымен таңда басталған іскерлік келіссөздер қас қарайғанша жалғасты.  Күні кешеден бері 20-дан астам кездесу өткен. Кешқұрым Президент Қазақстан мен Американың инвестициялық жиынына қатысты. Онда Chevron, ExxonMobil, S&P Global сияқты алпауыт компаниялардың жетекшілері бас қосты. Жиында Мемлекет басшысы еліміздегі саяси және экономикалық реформаларға тоқталды. Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің әр түкпірінде ірі технологиялық компанияларда жұмыс істеп жүрген қазақ жастарымен де кездесті.