Хабар телеарнасы

Ұлттық Банк төрағасы Е. Досаев Президентке елдегі ақша-несие саясатына қатысты толыққанды ақпар берді

Бұл – соңғы бесжылдықтағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, алтын бағасының өсуі, инвестициялық кіріс пен Ұлттық қорға түсетін қаржының артуының арқасында осындай көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз. Бас банкир Мемлекет басшысына елдегі ақша-несие саясатына қатысты толыққанды ақпар берді. Ұлттық банк есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы бағдарламалардың барысы туралы да баяндады.