Хабар телеарнасы

Қазақстанда жұмыссыздық 5% деңгейінде сақталды

Бірнеше меморандум шеңберінде 2 млн-нан астам адамның жұмыс орны сақталды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Премьер-Министр Асқар Мамин Еңбек министрлігі мен кәсіподақтарға еңбекті қорғау жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдама әзірлеуді тапсырды. Ал жергілікті әкімдер жұмыс орындарын сақтау бойынша іс-шаралар қабылдауы тиіс. Сондай-ақ еңбек дауларын уақытылы шешіп, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Жалпы биыл жұмыспен қамту бағдарламаларына 1 млн 390 мың адам қатысып, оның 700 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.