Хабар телеарнасы

Елімізде еңбекақы бойынша берешек 724 млн теңгеге жеткен

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында еңбекақысын ала алмай жүргендер көп. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Енді еңбек инспекторларының құзіреті кеңейтілді. Олардың ұйғарымы сот орындаушысының бұйрығына теңестірілді. Осы уақытқа дейін еңбек инспекторлары 31 мың жұмысшының құқығын қорғап, 4,2 млрд теңге жалақы қарызын өндіріп алған. Жалпы елде 324 кәсіпорын бар, онда 7 млн-ға жуық адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың жалақысы жыл басынан бері 6,9% өскен.