Хабар телеарнасы

Биыл дамушы нарықтарды рецессия күтіп тұр

Мұнай бағасы бір өсіп, бір түссе, қор биржаларындағы жағдай да тұрақсыз. Карантин енгізілгелі әлемдік туризм мен сыртқы сауда да екпінін жоғалтты. Дамушы мемлекеттердің экономикалары дамыған елдердегі ахуалға басыбайлы бағынышты.

Ал оларға қатысты сарапшылардың жорамалы көңіл көншітпейді. Мәселен, әлемнің бірінші экономикасы саналатын АҚШ-тың жалпы ішкі өнімге қатысты көрсеткіштері 5,2% дейін минусқа кетуі мүмкін.  Сол сияқты Жапонияда 3,6%, Еуроoдақ елдерінде 7,3%. Қытай болса, небәрі 1,2% өсім көрсетуі ықтимал. Бұл теріс экономикалық көрсеткіштердің әсерінен дамушы мемлекеттердің жалпы ішкі өнімі минус 1,8% дейін құлдырайды деп күтілуде. Сонымен қатар білетіндер: «Карантин енгізудің әрбір бір айы әлемдік экономиканың өсу қарқынын 3% тежейді», – дейді. Кейбір экономистер тіпті Екінші дүниежүзілік соғыстың ортасында болған ұлы депрессиядан кейінгі терең дағдарыс қайталану қаупі бар деген болжам айтып жүр.

Қалай десек те, халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары келер жылға оң болжам жасап отыр. «2021 жылы әлемдік экономика күш алып, 5,6% өсіммен қалпына келеді. Бірақ бұл пандемиядан кейінгі дағдарысты еңсеруге бағытталған шараларға да байланысты болады», – дейді экономистер.