Хабар телеарнасы

Салықтық бақылау шаралары уақытша тоқтатылды

Салықтық бақылау шаралары уақытша тоқтатылды

Камералдық бақылау

Комитетпен мынадай шаралар қабылданды:

1) 2020 жылдың 1 маусымына дейін 26,1 мың хабарламаның орындалу мерзімі уақытша тоқтатылды (барлық субъектілерге және тәуекелдің барлық санаттары үшін);

2) дара кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қойылған 26,5 мың хабарлама бойынша банк шоттарына шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы осыған дейін жіберілген өкімдер кері қайтарылды (тәуекелдің жоғары санатына жататын салық төлеушілерді қоспағанда);

3) заңды тұлғаларға жолданған 1,8 мың хабарлама бойынша банк шоттарына шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 2020 жылдың 15 наурызынан бастап жіберілген өкімдер кері қайтарылды;

4) банк шоттарына шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді қалыптастыру, хабарламаларды қою (талап қою мерзімі өтетіндерін қоспағанда), салықтық зерттеулерді жүргізу, ҚҚС бойынша есептен шығару, әкімшілік жауапкершілікке тарту (камералдық бақылау бойынша хабарламаны орындамағаны үшін) шаралары уақытша тоқтатылды.

Салықтық және кедендік тексерулер

1 153 салықтық және 360 кедендік тексерулер уақытша тоқтатылды.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрған болатын. Бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне кірмейді.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі