Хабар телеарнасы

Ұлттық банк теңгені жаңа экономикалық жағдайға бейімдеп жатыр

Базалық мөлшер 12% деңгейінде қалды. «Бұл шара ұлттық валютаны жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу мақсатында жасалып отыр», – дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова. Айта кетейік, мұнай бағасының күрт төмендеуінен қаржы нарығы құлдырап, теңгенің долларға шаққандағы бағамы төмендеді. Бүгінде мұнай бағасы барреліне 31 долларға дейін түсті. «Бұл жағдайға коронавирустың әсері де жоқ емес», – дейді Ұлттық банк өкілі.

Әлия Молдабекова, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

- Ұлттық банк өткен аптада бірінші кезекте ішкі нарықтың тұрақты болуын негізге алды. Жағдайдың бақылаудан шығып кетпеуін қадағалады. Бірақ жағдай қиындап барады. Мұндай кезеңді Қазақстан да, әлем де бұрын басынан өткізбеген. Бұл тек мұнай бағасының төмендеуі емес, сонымен бірге коронавирустың әсерінен әлемдік ішкі жалпы өнімнің айтарлықтай төмендеуін көрсетеді.