Хабар телеарнасы

Қара алтын бағасының құбылуы бірқатар елдің валюталарына әсер етіп отыр

Биржа таңертеңгі сессияның қорытындысын жариялады. Валюта бағамы қалай? Өзгеріс бар ма? Сауда-саттық көлемі қандай болды?

Ұлан Нарынбек тілші:

- Ішкі ережеге сәйкес Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық таңертеңгі 10:15 кеткенде басталады. Ал сағат 11:00-де сессияның қорытындысы жарияланады. Осы сессияның қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары 394 теңге 41 тиынға бағаланып отыр. Сондай-ақ биржада доллар бойынша жасалған сауда-саттық көлемі 502 млн 500 мың долларға жеткен. Ал өткен жұмада 177 млн доллардан асқан ескен.