Хабар телеарнасы

Қазақстанның Челябі облысымен тауар айналымы $2 млрд-тан асып түсті

Сарапшылардың айтуынша, соңғы 3 жылда көрші елдің шекаралас өңірлерімен сауда-саттықта тұрақты өсім бар. Мысалы Челябі облысындағы тауар айналымының үштен бірі Қазақстанға тиесілі. Оның негізгі бөлігі тау-кен өнімдері болғанымен, отандық ауылшаруашылық тауарларына деген сұраныс та артып келеді. «Сондықтан 2020 жылы да екі ел арасындағы алыс-беріс кеми қоймас», – дейді ресейлік сарапшылар.

Дмитрий Глухарев, Челябі облысы Экономикалық даму министрінің орынбасары:

- Әрине оның бәрі макроэкономикалық жағдайға байланысты болады. Қытай бағыты қазір жартылай жабық. Бұл өз кезегінде металл құнының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Осындай мәселелер кедергілер тудырмаса, тауар айналымында кем дегенде былтырғы деңгейде қалуға тіистіміз.