Хабар телеарнасы

Президент мұнай бағасының арзандауына байланысты арнайы кеңес өткізді

«Мемлекет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені толық көлемде орындауы керек», – деп, Мемлекет басшысы Үкіметке, Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға осындай тапсырма берді.

Президент тапсырған тағы бір тапсырма – шұғыл әрекет ету штабын құру. Оған Премьер-Министр тікелей басшылық ететін болады. Сондай-ақ дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары әзірленеді.Әрі ірі кәсіпорындарда халықты жұмыспен қамту жөнінде арнайы жоспар дайындалады. Президент халықты мүмкіндігінше көбірек жұмыспен қамту мәселесін аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар алдағы 2 жылға арналған республикалық бюджет қайта нақтыланатын болды. Себебі осы кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздің қаржы-валюталық нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті бюджеттерді оңтайландыру бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты.