Хабар телеарнасы

Ғылымды қаржыландыруға қатысты шешімді ғалымдар қабылдайды – комитет

Олардың мерзімі 2 есе қысқартылып отыр. Бұл туралы Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки мәлім етті. Отандық ғылымды қолдау ретінде оған бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды. Соңғы 3 жылда ғылымды қаржыландыру 70% артқан. 2020-2022 жылдары жас ғалымдардың бір ғана конкурсы бойынша ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырудың жалпы көлемі 9 млрд теңгені құрап отыр.  

Ахмед-Заки, Ғылым комитетінің төрағасы:
- Егер бұрын гранттық және нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс 3 жылда 1 рет өткізілсе, енді конкурс жыл сайын өткізіледі. Гранттардың жаңа түрлері енгізілді. Жас ғалымдарға, коллаборацияға, қысқа мерзімді, жеке гранттар. 2020-2022 жылдарға жас ғалымдардың бір ғана конкурсы бойынша ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландырудың жалпы көлемі 9 млрд теңгені құрайды.