Хабар телеарнасы

Lifeasapa қоры адам өмірінің барлық саласында қолданылатын технологияларды ұсынады

Lifeasapa қоры адам өмірінің барлық саласында қолданылатын технологияларды ұсынады

Нейрондық желінің дамуы бағдарламаның  жаңа парадигмасы іспеттес

Нейрондық желілер енді фантастикалық дүние емес, оларды күнделікті өмірге ұсынып, пайдалану ыңғайлығын,  аналитикалық қабілеттерді,  сөйлеуді, тануды және басқа белгілерді өңдеуді қамтамасыз ету үшін бүкіл әлемнің ғалымдары осы технологияларды әзірлеумен айналысады.

Lifeasapa қоры нейрондық желілердің көмегімен болашаққа  қадам басқан басқа компаниялармен бірге адам өмірінің әртүрлі саласында нейрондық желілерді пайдалану үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Нейрондық желілерді ауыл шаруашылығында, статистикада, деректер жинау мен талдауда, деректерді топтауда және адамның қатысуынсыз кез келген шешім қабылдауда кеңінен қолдануға болады (ал кейбір жерлерде қазірдің өзінде қолданылады).

Нейрондық желілер өмірде

Біз жиі немесе тіпті күнделікті қолданатын қызметтер немесе технологиялардың көпшілігі нейрондық желілерге негізделгенін байқамаймыз.

Олар әртүрлі мақсаттағы чатботтар, навигациялық жүйелер, құрылғының дұрыс жұмыс істеуін талдау мен ақауларды жоюдың автоматты жүйелері, портативті жабдықтар (мысалы, аудармашылар, жеке көмекшілер, редакторлар және т.б.), тіпті танымал Shazam.

Нейрондық желілерді дамытудағы көшбасшылар

Lifeasapa қоры болашақ технологияларына қызығушылық танытатын жалғыз компания емес, ондай мыңдаған компания бар. Бірақ осы бағытта жұмыс атқарып жатқан  компаниялар айтарлықтай көп емес:

  • «TheNeyrosphere» жауапкершілігі шектеулі қоғам;
  • NtechLab;
  • Baidu;
  • IBM;
  • Salesforce;
  • CubicRobotics;
  • Microsoft;
  • Алфавит;
  • DelphiAutomotive;
  • Google;
  • VisionLabs;
  • DigitalGenius;
  • Nest Labs;
  • ClarifAI;
  • Кортекс;

Олардың кейбіреуі нейрондық желілерді әзірлеудегі ғылыми жаңалықтарының арқасында белгілі болды. Lifeasapa қоры – NN-ді дамыту мен технологияларды күнделікті өмірге енгізуде көшбасшылардың бірі. Нейрондық желілердің көмегімен көптеген бағдарламаның қорғаныс функцияларын жақсартуға, жүйелердің жұмысын ең жоғары деңгейде оңтайландыруға және басқаруды барынша ыңғайлы әрі қарапайым етуге, яғни  қаскүнемдерден қорғауға болады.

Бұл технологиялар біздің өмірімізге дендеп еніп, оның көптеген саласына тамыр жайып, бұрын қолжетімсіз болған жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Мұның бәрі көптеген міндетті бұдан бұрын ғалымдар ойлағаннан гөрі жеңіл шешеді. Жасанды нейрондық желілерді болашақтың кілті деуге болады. Ол – адамзат үшін қарышты қадам. Lifeasapa қоры фантастикалық болашаққа жақындау процесіне белсенді қатысады.