02:00Эфирде: ҚР Әнұраны
06:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматы ЖОО-лары алдағы оқу жылына дайындалып үлгермей жатыр

Алматы ЖОО-лары алдағы оқу жылына дайындалып үлгермей жатыр

Санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шаралары сақталмайды, оқу аудиториялары талапқа сай емес. 

Бұл жөнінде апта басынан бері 30-ға жуық білім ошағын тексеріп шыққан арнайы құрылған мониторинг тобының өкілдері мәлімдеді. Дегенмен қазірдің өзінде бірқатар университет студенттерді жатақханаға орналастыра бастаған.

Биыл Satbayev University-нің 1-курсына 3 мыңнан астам студент қабылданды. Оқу орнында білім алушылардың тек  35% ғана вакцина алыпты. Төртінші курста оқитын Гүзел Сұлтанбаева алғашқылардың бірі болып екпе салдырған. Түркістан қаласының тумасы жатақханаға мұқтаж. Университет вакцина алған студенттердің арасында конкурс ұйымдастырған. Соның нәтижесінде Гүзелге тегін орын тиіпті. 

Гүзел Сұлтанбаева, студент:

- Бұл – конкурс нәтижесінде алған менің орным. Ол студенттер үшін өте үлкен мүмкіндіктердің бірі. Жатақханаға төленетін ақшаны үнемдеп қалдық. Яғни 150 мың теңге көлемінде ақша өз қалтамызда қалды.

Университет басшылығының айтуынша, жатақханаға мұқтаж студенттің барлығына орын беріледі. Бірінші кезекте әрине, 1 курс студенттері орналасады. «Барлық жатақхананың жөндеу жұмыстары аяқталған, санитарлық талаптар ескерілген» – дейді. 

Ержан Күлдеев, университеттің басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазіргі таңда қызметкерлеріміздің 85% вакцинациядан өткен. Студенттерді алатын болсақ, 35% өтіп отыр. Мына жатақханада 420 орын белгіленген. Бірінші кезекте толық вакцинация өткен студенттер орналасады. Бүкіл санитарлық нормаларға сәйкес келеді.  

Арнайы құрылған мониторинг тобы апта басынан бері 26 ЖОО орнында болды. Олар білім ордаларының алдағы оқу жылына әзірлігін қарады. Көбісінде санитарлық ережелердің сақталмағаны анықталды.

Әділ Нұрпейісов,  қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілі:

- Олардың көбісі дайын емес. Осы бір аптаның ішінде олар жөндесе, біздің студенттеріміздің келуіне дайын болуы мүмкін. Дайын болу үшін талаптар өте оңай. Ара-қашықтық белгілерін жүргізсе, санитайзерлер, қандай да бір насихаттау жұмыстарын өткізсе болды.   

Тексерілген оқу орындарының тек екеуі ғана студенттерді қабылдауға 100% әзір көрінеді. Мониторингтік топтың өкілдері басқа университеттер кемшіліктерді жойып, тиянақты жұмыс атқару керек деп отыр. Әсіресе вакцина алғандардың санын ұлғайту қажет. Егер екі аптада анықталған кемшіліктер жойылмаса, оқу орындарына сабақты дәрісханада өткізуге рұқсат берілмеуі әбден мүмкін.

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Сондай-ақ...