Хабар телеарнасы

Спорт мектептері оқытушыларының жалақысы екі есе өседі

Вице-министр Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен Үкімет кеңесінде бұқаралық және балалар спортының мәселесі қаралды. Қазақстандықтардың 31% ғана бұқаралық спортпен айналысады. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 35%-ке жеткізу қажет. Осы мақсатта спорт нысандарын керек-жарақпен толық жабдықтау міндеті тұр.

Жыл соңына дейін елімізде 43 спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл ретте бюджет қаражаты мен демеу қаржының жұмсалуы қатаң бақыланатыны да айтылды. Ведомство 2025 жылға дейін қабылданған дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспарды қайта қарауға тиіс.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

 - Барлық әкім жоспарларын, шағын футбол басқа да қаржы есебінен салынатын спорт құрылыстарын кеңейтуі қажет. Бұл ретте барлық спорт объектісі 100 пайыздық жүктемемен жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ бүгінде республика бойынша мектептердің 11% спорт залдармен, 24% қажет спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Әкімдіктер бұл мәселені кезең-кезеңмен толықтай шешуі қажет.