Хабар телеарнасы

Асхат Аймағамбетов Президентке жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндады

Министр саланы дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуы және жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндады.

Мемлекет басшысы министрге сапасыз университеттердің лицензиясын қайтарып алу және олардың жұмыс істеуіне мерзім белгілеу рәсімдерін жеңілдету үшін заңнамалық тұрғыдан түзетулер енгізуді қарастыруды тапсырды. Мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерінің еңбекақысын осы қыркүйектен бастап арттыру керек екенін атап өтті.