Хабар телеарнасы

Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы жүргізілуде

Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы жүргізілуде

І тоқсан шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылды мектептерді қоспағанда, еліміздің барлық мектебінде 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту форматында басталады.

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша, ахуал жақсарған жағдайда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.

Алдағы уақытта халықтың ауыру деңгейі тұрақты төмендеуіне байланысты мектептерді ақырындап аралас оқыту және штаттық форматта оқытуға көшіру жүргізілетін болады.

ЖОО-лар мен колледждерде оқыту қашықтан оқыту режимінде ұйымдастырылатын болады.

Дәстүрлі формат:

  • жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін болады;
  • шалғайда орналасқан колледждерде аз контингентімен санитарлық режимді нығайта отырып өткізіледі.