Хабар телеарнасы

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы шет елдерде де тойланып жатыр

ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы мен еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйытқы болған шарада түркі әлемінің белгілі ғалымдары бас қосты. Конференцияда ұлт ұстазының түркі әлеміне ортақ реформаторлық идеялары талқыланды.

Екрем Аян, Муғла университеті түрік тілі мен әдебиеті факультетінің доценті:
-Телеарналарда, газеттерде, радиода қолданып жүрген терминдердің көбін Ахмет Байтұрсынұлы енгізген. Түрколог, әдебиетші ғалымдарымыз да Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған терминдер жүйесін қолданады. Бұл ғалымның қандай тұлға болғанын көрсетеді. Біз әлі күнге дейін сол терминдердің түрікше баламасын табуда қиналамыз.